22-наурыз Ұлыстың ұлы  күніне орай

«Наурыз-берекем, наурыз-мерекем!»

атты мерекелік іс-шараның есебі

 

Мектебімізде 22-наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай «Наурыз-берекем,наурыз-мерекем!» атты мерекелік іс-шара болып өтті.Негізгі мақсаты  «Наурыз» мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу;имандылық, инабаттылық, ұйымшылдық,ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру,дәстүрлі мерекемізді жақсы көңіл күймен қарсы алуға ықпал ету болды.Осы мерекелік іс-шараның негізінде 3 ауылдан тұратын «Ауылдастар»атты ауыл арасындағы сайыс өткізілді. Іс-шара басында шашу шашылып, Қыдыр ата арнайы батасын берді.Арнайы мерекеге орай құттықтау сөз мектебіміздің директоры Ж.И.Бултирикова сөз алды. Ары қарай ауылдастармен таныстырылды  қобыз, фортепиано,вокал және аккордеон бөлімінен құралған «Байқадам» ауылы, шаруашылық қызметкерлерінен құралған «Достық-ынтымақ» ауылы. Әр ауылдың жайылған дастарханында бір-бір әділ қазы мүшелік етті. Бұл кісілер әр ауылдың жайкүйін,тұрмыс-тіршілігін,жасалған көрнекіліктерін,киім

кешектерін,жайылған дастарханың, әр сайыс кезеңі бойынша өнерлерін тамашалап әділ бағаларын берді.Олар «Байқадам» ауылында әділ-қазы мектебіміздің директоры Бултирикова Жаксыгуль Ибрагимовна «Достық-ынтымақ» ауылында шаруашылық меңгерушісі Арыстанбеков    Талғат Салимжанович«Бақтыбайдың» ауылында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Сембіғұл Назира Әділханқызы болды. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрды 1 - сайыс: «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» әр ауыл өзін - өзі таныстыру .2-сайыс: «Салт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым» әр ауыл өздеріне бөлінген дәстүр бойынша көрініс көрсету; 3 - сайыс: «Ас - адамның арқауы» әр ауыл өздері дайындаған қазақтың ұлттық тағамдарының дайындалу барысын түсіндіру;.4 - сайыс: «Өн бойынан, өнер тамған» әрбір ауыл өз өнерлерін ортаға салады. 5 - сайыс:«Ата мұраң - асыл қазынаң» - салт-дәстүр,әдет-ғұрып,ырым-тиымдар бойынша әр ауылға жеке-жеке әділ қазылардың дайындаған  сұрақ –    жауаптары қойылды. 5 кезеңнің сайысы бойынша ауылдар толық шарттарды орындап, тек екінші     сайысымыз  «Салт-дәстүрім- таусылмайтын байлығым» деп аталады яғни әр ауыл өздеріне бөлінген дәстүр бойынша көрініс көрсетті.«Байқадам» ауылы «Тұсау кесер»салт-дәстүрін «Достық-ынтымақ» ауылы«Бесік салар »салт-дәстүр «Бақтыбайдың» ауылы «Беташар»салт-дәстүрін көрсетті.Сайысымыздың қорытынды кезеңінде салт-дәстүр, әдет-ғұрып,ырым-тиымдар бойынша жасырынған сұрақтарды  әр ауылдың топ басшылары сандық ішінен алу арқылы анықтады. Әр ауыл 3 сұрақтан алып, ауылмен бірге ақылдасып, бірігіп жауап берді. Жаңару мен жасару күні наурыз мейрамына арналған «Ауылдастар» атты сайысымызда әділ қазылар мүшесі бағалап,арнайы мадақтамалары мен номинция және осынау ұлы мерекеге орай дайындалған кәсіподақ ұйымының арнайы сыйлықтарын табыс етілді.Бақыттың бастамасы, жақсылықтың жыршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған,халық қастерлейтін күні осынау Наурыз мерекесін ауылдастарымыз,жайылған дастарханда жақсы тілектертайтылып,жақсы мерекелік көңіл күймен қорытындылады.