«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы  білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, Бақытжан Байқадамовтың туғанына 105 жыл толуына арналған

«Өнегелі өмірі мен биік өнердің үлгілі өкілі -Б.Байқадамов»атты концерттік бағдарлама

(сілтемесіhttps://www.instagram.com/reel/CmMqFwAKNON/?utm_source=ig_web_copy_link)

Мектебімізде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, Бақытжан Байқадамовтың туғанына 105 жыл толуына арналған  «Өнегелі өмірі мен биік өнердің үлгілі өкілі -Б.Байқадамов» атты концерт болып өтті. Әсем сазды әсерлі өнер кешіне жиналған  ұстаздар, оқушылар және ата-аналар замана зердесінде уақыт жылнамасында, сайын даланы ән-жырмен тербеген қалың қазақ қауымының құрметіне бөленген сан қырлы талант иесі– композитор,ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Бақытжан Байқадамовтың туғанына 105 жыл толуына орай және осы кісінің есімімен аталған біздің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі КММ-нің оқушыларының таланттарын паш етіп, шығармашылық деңгейін жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отырған композитордың  өмірінен үзінді видеокөріністерді тамашалап, шығармашылығымен танысты.Жүректің қылын шертетін  ғажап әндердің авторы,қазақтың біртума таланты-Бақытжан Байқадамов. Композитор ән жанрында құлаштай қалам тартып халықтың көңілінен шыққан талай тамаша туындыларды дүниеге алып келді. Соның бірі ел құлағына жағымды, жүрегіне жылы тиген «Айгөлек» әні.

"Айгөлек" әнін жас шәкірт Сарбасова Гаухартас  концертмейстер Г.Е.Қожахметованың сүйемелдеуімен орындады.

Б.Абеновтің күйі «Желдірме» трионың  орындауында тыңдалды.

Белорусский народный танец “Лявониха” Құрманғазы Райымбек аккардеон аспабымен орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. 

Ғ. Жұбанованың «Күй» туындысын Абдибек Алиханныңорындауында тыңдалды.   

Б.Байқадамовтың әні "Алма ағаштар жайнайды" шәкірттерден құралған "Қыздар" тобының орындады.

Чешская народная песня “Аннушка” Слепов Матвейдің орындауында қошеметке бөленді.

Ибрагим Бауыржанның орындауында «Ерке сылқым» күйі орындалды.

Ғ.Жұбанова «Прелюдия» шығармасын Абдибек Аяулымның орындауында тыңдалды.

В.Лушников “Маленький вальс” шығармасын Акышев Асанали орындап шықты.

Б.Байқадамовтың әні «Таң гүлі» әнін Баяхметова Гульнур Балташовна нақышына келтіре шырқады.

Халық күйі «Тепең-көк» оқушылардан құралған трио қара домбырамен күмбірлетті.

Б.Байқадамовтың " Жасұландар маршын"   ансамблдің орындауында тыңдаған көрермен қошеметін аямады.

Біздің мақсат-композитордың қанатын әрқашан қалықтатып, ғарыштату. Әндерін бүкіл ұрпаққа паш етіп қана қоймай, сазгердің есімі берілген білім ошағымыздан бойына бар өнердің асылын жинаған, киелі сахналардың биігінен  көрінетін талантты ұл-қыздарды тәрбиелеп шығару. Б.Байқадамов мектебінің  атын ұлықтап, мәртебесін биік ету - бізге парыз.