Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ-де «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БОЙЫНША ДОМБЫРА БӨЛІМІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІ МЕН ОҚУШЫЛАРЫНАН ҚҰРАЛҒАН КҮЙ АЙТЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
Қазақстан Республикасы бойынша жалпы білім беретін ұйымдар, негізгі орта мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарында Оқу –ағарту министрлігінің бастамасымен «Төрт тоқсан – төрт өнер» жобасы жүзеге асырылуда. Білім алушылардың әлеуметтік бейімделуін, олардың белсенді өмірлік ұстанымын, патриоттық мұраттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған жоба аясында әр тоқсан сайын жаппай мерекелер, байқаулар, көрмелер, сайыстар, олимпиадалар, фестивальдер өткізіледі.
Жобаның іс –шаралары бойынша жаңа оқу жылының І тоқсаны «Күй тартыс» өткізілді. Айтысты тек сөз арқылы ғана емес, ән айту, күй тарту арқылы да ұйымдастыруға болады. Сондай айтыстардың бірі – күй айтыс. Күй тартысқа екі немесе бірнеше адамның қатысуына болады. Күйшілердің күй айтысқа түсудегі негізгі мақсаттары: Өздерін елге таныту, шығармашылығын дамыту, өз шеберлігін сынау болып табылады.күй тартысты 3 түрлі негізде өткізетін болған.
1. Күйді біріншісі тоқтаған жерден екіншісі жалғастыру.
2. Күйшілер бір – бірінің орындаған күйлерін қайталамау.
3. Бірі орындаған күйді қайталап тарту.Күймен айтысу, күймен сайысу арқылы өнерлерін сынғасалу қазақ күйшілерінің ертеден бар дәстүрі. Елге есімі мәлім күйшілердің қай-қайсысы да небір әсем өрнекті күйлерін егес үстінде төгіп тастайтын болған. Күй айтысында ердің намысы ғана емес, елдің де намысы сынға түскен сәттер аз емес. Бұған қазақ пен түрікмен, қазақ пен қырғыз, қазақ пен қалмақ арасында болған күйшілер сайысы, соған орай туған толып жатқан күйлер куә. Дәулеткерей, Өскенбай сынды күйшілердің түрікмен күйшілерімен арада болған күй сайыстарында дүниеге келген небір сиқырлы саздары мен шежірелі аңыз-әңгімелері ұрпаққа мұра.