Құрметті әріптестер!!! Сіздерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Адал азаматқа» тән еңбекқорлық, іскерлік, жауапкершілік, білімпаздық осы қасиеттің бәрі шынайы еңбек адамының бойынан табылады. Сондықтан өз ісінің майталмандары қашанда қоғамның назарында болуға тиіс.
Халқымыз «Еңбек – адамның көркі, адам – заманның көркі» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, адал еңбек – бүкіл жетістіктің бастауы, табысқа жетудің кілті.
«Еңбек–өмір мәні» десек, бұл мереке адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі. Сіздердің ерен еңбектеріңіз қандай құрметке болса да лайық. Баршаңызды осы мерейлі мерекемен шын жүректен тағы да құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс, зор денсаулық, толағай табыс, бақ-береке тілейміз! біртұтас_тәрбие









