Жыл сайын Қазақстанда 1-ші қазан «Халықаралық қарттар күні» деп аталып өтілетіні баршамызға белгілі. Жастар үшін қарттардың еңбегін бағалау, олардың мемлекеттің дамуына қосқан сан қырлы үлесін білу, қарттықты құрметтеу игі дәстүрге айналған үлкен шара деп білеміз. Бұл мерекеде барлық қарт адамдарға адал еңбегі, үлкен өмірлік тәжірибесі, мейірімділігі, даналығы үшін терең құрмет көрсетуге және жылы лебіздерін білдіруге тамаша мүмкіндік береді. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінде ардагер ұстаздар Боранбай Қазыбекұлы, Дурияш Мухамеджановна және қарт ата-ана Қасқырбай Абдіқадырұлымен кездесу кеші өткізілді.
Кездесу барысында мектеп директоры Жаксыгуль Ибрагимовна сөз сөйлеп, құттықтап, ақшалай сыйлықтарды табыстады.
Қасқырбай Әдбдіқадырұлына Алғыс хат беріп, ары қарай мерекелік кешіміз мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларынан ұйымдастырылған концертпен жалғасты! Ән айтылып күй тартылып, өнерлерін көрсетті! Кеш соңында ардагер ұстаздарымыз күй тартып қонақ кәде тартуын сыйлады. Боранбай Қазыбекұлы мектеп ұжымна алғысын білдіріп кеш көңілді өтіп, ақ дастарханмен жалғасты!