Домбыра бөлімінің меңгерушісі, ұстаз Жусупова Балым Сейтхановнаның “Жан серігім домбыра” атты кезекті клас концерті өтті. Концерттің алғашқы бет ашары домбырашыларымыз күй айтыспен бастап ары қарай ансамблдің орындаумен Желдібаевтың күйі “Ерке сылқым” күйін орындап, жеке домбырашылар орындаған күйімен жалғасты. “Жастар биі”, Тілендиевтың “Аққу”, Моцарт “Аллегретто”, Үсенов “ Кербез сұлу”, Әубәкіров “Талас” С.Жолбарыс “Хафиз”, “Попури”, Б.Абенов“Желдірме”, Ж.Мұса “Ақ сиса”, Құрманғазы “Сарыарқа” күйлерімен концерт жоғары деңгейде өтіп ата - аналардың алғысына бөленді. Концерт соңында мектеп басшысы Болтирикова Жаксыгуль Ибрагимовна құттықтау тілегін айтып, оқушыларға сәттілік және шығармашылық табыс тіледі.