14 наурыз қазақта көрісу күні, амал мерекесі. Бұл күні қазақ халқы бір - бірінің үйіне барып, өкпе - реніштерін ұмытып, бір - біріне жақсылық тілеп жатады. «Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!» деп бірін - бірі құттықтайды. Бұл күні ең алдымен әулеттің үлкендеріне барып, сәлем беріп көрісіп жатады. Кәде - сыйлары да міндетті түрде бір - бірінің көңілдерін аулап, жаңа жылдың келуіне орай қуанышты болады









