Республикалық “Әншуақ “балалар фестивалі аясында “Шырқалсын әсем ән“ атты композитор Мұңлыбек Қабидоллаұлы Шығанбаевқа арналған сұхбат - концерт бағдарламасы өтті. Кешімізге арнайы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Масликов ауылынан композитор Мұңлыбек Қабидоллаұлы қонаққа келіп, өміріне,шығармашылығына және ұстаздық жолына байланысты көптеген сұрақтар қойылып, сұхбат жүргізілді.Концертте Мұңлыбек Қабидоллаұлының шығармашылығындағы бірнеше әндер шырқалды. Атап айтар болсақ, “ Туған жер сазы “ әнін Қырғи Адия,”Әліппе туралы ән” Сыздық Маржан ,”Апам менің жақсы адам “ Айтжанова Раяна,”Анаға жыр “ әнін Кенжебай Айару” және Қапан Олжас мектебіміздің мұғалімі “ Жаркөл вальсі “ атты әуесқой Композитордың туған жеріне арнап шығарған әнін шырқап берді. Мұңлыбек Қабидоллаұлы қонақ кәде ретінде өзі де тамаша “ Мектеп бітірушілер “ атты әнін орындап көрермендер тәнті етті.Мұңлыбек Қабидоллаұлының жары Зәуреш Дүйсенбекова ,балдызы Айсауле Дүйсенбекова және бірге оқыған сыныптастары Рағатова Гүлсара мен Жұмабике Базарбаева қонақ болып, құттықтау - тілектерімен бөлісті. Сонымен қатар Мұңлыбек Қабидоллаұлы жары Зәуреш апаймен қосыла “Сағындым сені”атты әдемі ән шырқалды .Композитордың әндерін орындаған оқушыларымызға сый - сияпат жасалып, тамаша тілектер айтылды.Кеш соңында мектебіміздің директоры Жақсыгүл Ибрагимовна сөз сөйлеп, қонағымыздың иығына шапан жауып,қазақтын ұлттық аспабы домбыра сыйға тартылды және алғыс хат табысталды.









