Республикалық “Әншуақ” балалар фестивалі аясында мектебімізде “Әнімен әлдилеген, Анашым” атты мерекелік ән кеші өтті. Іс - шараның негізгі мақсаты: 1. Анага деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету, окушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Жануядағы ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту. 2. Ана мен бала бойындағы ерекше махаббат сезімін ән өнері арқылы дарындылығын дамыту. Кешімізді алғаш болып өнер көрсеткен Қырғи Адия мен Самал анасы “Анамның ерке қызымын!” атты әнін орындады. Айтжанова Раяна мен Самал анасы “Ханшайымым”;Әбдіқадыр Тұмар мен Қамаргүл анасы “Анамның ақ жаулығы”;Оразалы Тілек пен Сәуле анасы “Алғыс”;Азаматқызы Айлана мен Гүлшат анасы “Ана”;Дәулет Айару мен Қызғалдақ анасы “ Ана мен қыз”;Кенжебай Айару мен Жазира анасы “Анаға сағыныш” атты әсем әндерін орындап шықты.Ана мен бала бойындағы ерекше махаббат сезімін ән өнері арқылы жеткізе білген мереке иесі аналарымызбен қарындастарымызға өзінің құттықтау ақ тілегін мектебіміздің директоры Жаксыгул Ибрагимқызына сөз кезегі берілді.Аналармен оқушыларға алғыс хатпен сыйлықтар табысталды.Кеш соңыңда жеке дауыста Олжас Мүшелбайұлының орындауында “Ана” әні орындалды. Ана - барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін,жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше,анамызды сыйлап, құрметтейік!