“Күмбірлесін қазақтың домбырасы” атты тақырыпта домбыра бөлімінің жас мамандары Асан Балғабекұлымен, Азамат Жанкелдіұлының сыныптық клас концерті өтті. Ұлттық құндылықты дәріптеген оқушылар жеке күйлерін ойнап, Тепен көк, Жастар биі, жетекшілер екі дауыста Қолбасшы күйлерін шашу етті. Концертте ансамбль, дуэт, трио болып өз өнерлерін көрсетті. Кеш соңында жетекшілермен бірге оқушылар “Балбырауын” күйімен қорытындылады. Мектеп басшысы қорытынды сөз сөйлеп, толағай табыстар тіледі.