«Көңілді жаз» атты қалалық концерттік бағдарлама

14 маусымда Арқалық қалалық демалыс саябағында қала әкімі Асанов Әмірхан Біркенұлының бастамасымен және қолдауымен өткен «Көңілді жаз» атты концерттік бағдарлама биылғы жылы екінші рет ұйымдастырылды. Бұл кеште әсем ән мен тәтті күй төгіліп, өнер айдынында қанат қаққан өнерпаздар ұлттық өнерімізге деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Мектебіміздің 25 түрлі бағыттағы оқушылары мен мұғалімдері және жас өнерпаздар өздерінің өнерлерін ортаға салды.

Бүгінгі күні мектебімізде домбыра, қобыз, фортепиано, вокал және аккордеон сыныптары бойынша 270-ке тарта бала білім алуда. Жас таланттарға өнердің биік шыңына жетуін тілей отырып, әрқашан еліміздің абыройын асқақтатып, орындаушылық шеберлікпен биік белестерді бірге бағындыруға шақырамыз. Мектебімізге оқуға қабылданғысы келетін жас өнерпаздарға арналған арнайы брошюралар таратылады.

Сонымен қатар кешіміздің жұлдызды қонағы – әріптесіміз Серікболсын Сейтбекұлы, осы әндердің аранжировкасын өңдеген, қазіргі таңда YouTube арнасында рейтингте тұрған жас сазгер Қанатұлы Ерлан өз хит әндерін көпшілікке паш етті.

Көңілді әсерлі концерттік бағдарлама соңында қала тұрғындары жақсы көңіл күймен би кешіне қатысты. Өнерпаздардың өнерін тамашалаудан жалықпаған қала тұрғындары өздерінің ыстық ықыластары мен ерекше көңіл күйлерін білдіріп, игі тілектерін айтып, «Көңілді жаз» атты кешіміз әдемі аяқталды.

#летовдопобразовании2024
#жаз_косымшабілімберу2024
#Zhazqosymshabilim2024

#біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@medetbekovameruert
@kost__bilim
@petrenko_e.a_official
@arkalyk_bilim_bolimi
@kbbo.arq
@rumcdo_official
@gani.beisembayev