Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен Б.Байқадамов атындағы музыка мектебі ұжымы құттықтайды. Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін. Оқушыларыңыздың атынан сіздердің ең ізгі тілектеріңіздің орындалуын, сондай-ақ отбасыларыңызда әрқашан бейбітшілік, келісім, қуаныш пен жайлылық болуын тілейміз. Тағы да сіздерді Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен құттықтаймыз! Сіздердің өмірлеріңізде махаббат, сәттілік, құрмет, молшылық және бейбітшілік болсын. Сіздерге қабілетті оқушылар мен өз қызметтеріңізде шығармашылық өрлеу, зор денсаулық және барлық мақсаттарға жету үшін күш-қуат тілейміз!
#біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministrligi
@rcfk_i_do
@kost_bilim









