В 2024 жылдың 21 қазанында Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында Республика күніне орай «Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстаным» атты тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді. Бұл мерекелік шара Қазақстанның тәуелсіздігіне құрмет көрсетіп, жас ұрпақтың бойына музыка арқылы елге деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында әр бөлімнің оқушылары отан, туған жерге арналған атақты күйшілердің күй шашуларын орындап, өнерлерін көрсетіп, Қазақстанның мәдениет өнерінің бірегейлігін дәріптейтін әндер орындады. Құрметті біздің өнерлі, Отансүйер қазақстандықтар, сіздерді Республика күнімен құттықтай отырып, еліміздегі бейбітшілік пен бірліктің арқасында үлкен белестерді бірге бағындырып, алдағы уақытта да еліміздің даңқын асқақтата берейік!

#біртұтас_тәрбие #даналық_ұстаздан
@oqu_agartu_ministrligi
@rcfk_i_do
@kost_bilim