Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ-де «Төрт тоқсан – төрт өнер» тұжырымдамасы бойынша мектебіміздің мұғалімдері арасында «Алтын сақа» асық ойыны ұйымдастырылды.

Ертеден бері келе жатқан ұлттық ойынның бірі — асық. Асық — қой малының асық жілігінде болады. Біз бүгін халық ойынын асық ойнау арқылы «Алтын сақа» асық ойыны негізінде мұғалімдеріміздің арасында өткіздік. «Алтын сақа» ойыны қазақ халқына тән ойын. Асық жинау арқылы ұпай (баға) жинаймыз. Бұл ойынның тәрбиелік мәні өте зор. Әрбір халықтың мәдениетіне оның спорттық жаттығулары мен ойындары кіреді. Ұлттық ойындар балалар мен үлкендердің күнделікті өміріне тікелей қатысты болып келеді. Олар өмірге аса қажетті төзімділік, күштілік, ептілік, шапшандық сияқты қабілеттерді жетілдіреді. Адамның бойында адалдық, әділдік, адамгершілік сияқты жақсы қасиеттер дарытады.

#2тоқсан #Алтынсақа
#Біртұтас_тәрбие #Даналық_ұстаздан
@oqu_agartu_ministrligi
@rcfk_i_do
@kost_bilim