Ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күніне орай «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында Б. Байқадамов атындағы музыка мектебінің ұйымдастыруымен қала, ауыл мектептері мен қосымша білім беру орталықтарының арасында «Жұлдыз лайф» қалалық патриоттық әндер байқауы өткізілді. Байқаудың шарттары бойынша өнерпаздар жас ерекшеліктеріне байланысты кіші, орта және үлкен топтарға бөлініп, өз өнерлерін паш етті. Байқауда 3 орынмен Иманбай Айзада (А. Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектебі), Жұмабаева Айсұлу (Ы. Алтынсарин атындағы мектеп гимназиясы) және Бияхмет Нұрали (Сарыөзен негізгі орта мектебі) марапатталды. 2 орын иегерлері: Исмағулова Ясмина (№2 жалпы білім беретін мектебі), Бердағы Амина (А. Құнанбаев атындағы мектеп гимназиясы), Қапар Архат (Восточный жалпы білім беретін мектебі). 1 орынмен Болат Аяулым (А. Құнанбаев атындағы мектеп гимназиясы), Нұркей Аян (Қараторғай негізгі орта мектебі) және Байтұрсын Нұрсая (Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі) марапатталды. Бас жүлде иегерлері: Сайлау Айару (Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі), Баймұрат Кәусар (Қосымша білім беру орталығы), Даулет Айару (Ә. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі) атанды. Осылайша, мерейлі мерекеге орайластырылған байқауымыз мың таланттың ішінен шын талантты анықтап, өз мәресіне жетті.
#Біртұтас_тәрбие #Жетістігім_Еліме
@kost__bilim
@arkalyk_bilim_bolimi
@rumcdo_official









