21 желтоқсан күні домбыра сыныбының мұғалімі Айдаров Нұрхан Қабылахатұлының класс концерті өтті. Концертті 1 сынып оқушылары халық күйі «Тепең көк» күйімен ашты. Сейтектің «Бес қыз», Сүгірдің «Ыңғайтөгі», Дәулеткерейдің «Көрұғлы» сынды күйлермен концерт жандана түсті. Бақтыбайдың «Әуені», Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» сынды шығармалары күйсандықпен сүйемелдеп орындалды. Концерт соңында мұғалім Нұрхан Қабылахатұлы мен оқушылар Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйімен аяқтады. Кеш соңында мектеп басшысы Бултиирикова Жақсыгүл Ибрагимовна ізгі тілегін айтып, домбыраны жанына серік етіп жүрген жас өнерпаздарға сәттілік тілеп, өнердің шыңына жетуге ниетін білдірді. Ата-аналар мен мектеп ұжымы қатысып, рухани демалыс болды.
#Біртұтас_тәрбие #Жетістігім_Еліме









