Мектебімізде домбыра сыныбының мұғалімі Жусупова Балым Сейтханқызының "Жан дауасы домбыра" атты ансамбль сыныбының концерті өтті. Концерттік кеш өте жоғары деңгейде өтті. Концерттік бағдарлама ағайынды Сайлаубек Томирис және Нұрғисаның орындауында Қыдырбай Аманжоловтың «Жалғыз аққу» күйімен ашылып, Әбдіқадыр Айшабике мен Сайлаубек Томиристың орындауындағы «Шерменде» күйімен жалғасын тапты.Концертте жерлесіміз композитор Шолпан Қорғанбектің «Қасиетті ел» күйі,халық күйі «Жастар», Арсланбек Сұлтанбековтың «Домбыра», Ермұрат Үсеновтың «Кербез сұлу», Сейтектің «Шәрипа Ақжелең», Қуаныш Нүкішев «Шабыт», Айбол Құдайбергенов «Көне Тараз күмбірі», Нұрғиса Тілендиев «Ата толғауы», Абдулхамит Райымбергенов «Секіртпе», Құрманғазы «Адай» және Түрікменнің халық күйі «Нар ағашы» орындалып көрерменнің ыстық ықыласына бөлеенді. Концерттік кешіміздің соңы Құрманғазының «Балбырауын» күйімен тәмәмдалды. Мектебіміздің директоры сөз сөйлеп, толағай табыстар тіледі.









