Мектебімізде Біртұтас бағдарлама аясында домбыра сыныбы мұғалімдері Шайхин Серікболсын, Кабдуалиев Айдар және Сейдағазин Бекзаттың сыныптық концерті өтті. Концерттік бағдарламаны кіші сыныптардан құралған домбырашылар ансамльбі ашып, Оразымбек Айбегімнің орындауында “Ана - Әке” әнімен жалғасын тапты. Қапез Әлкидің орындауында “Балдырған” күйі орындалды. Концертте тек оқушылар ғана өз өңерлерін көрсетіп қана қоймай мектебіміздің мұғалімдері де өз өңерлерін паш етті. Шайхин Серикболсын мен Қапан Олжастың орындауында “Нурикамал” әні гитара мен домбыраның сүйемелдеуінде шырқалды. Сабыржан Абайдың орындауында “Шалқыма” пьессасы орындалды. Концерттік бағдарламада “Жастар биі”, “Балбырауын”, “Адай” және мұғалімдердің орындауында “ Ақжеоең” күйі орындалды. Кешіміздің соны Қайрат Жайдарының орындауында “Отаным - Қазақ елі” әнімен тәмамдалды.









