Қыдыры дарып, құт қонған қасиетті Торғайдың киелі топырағынан талай айтулы өнер тұлғалары өсіп - өнгені баршамызға аян. Бүгінгі Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтымен бірлескен практик мұғаліммен тәжірибе алу мақсатында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Арқалық қаласы білім бөлімінің Б. Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің” өнерлі оқушыларының, жас ұрпақтың бойындағы музыкалық қабілеттерін айқындап, шығармашылыққа баулу мақсатында “Жас жұлдыз” атты мектебіміздің жас дарындарының концерттік кеші өтті. Концерттік кешімізде мектебіміздің жас дарын иелері өз өнерлерің паш етіп көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келді. Концерттік бағдарламамызды “Інжу - маржан” тобының орындауында “Бірлігіміз жарасқан” әнімен бастап, 3 сынып оқушысы Сахан Айзеренің орындауында Қыздарбектің күйі «Сылқым қызбен» жалғастырдық. Кешімізде Ермұрат Үсенов “ Түркі әлемі” Аслан Нұрдаулеттің орындауында, Әбдімәлік Жасминнің орындауында Фридрих Зейц «Концерт G dur I часть» , Сүгірдің «Шалқымасы» Әбдіқадыр Айшабикенің орындауында, Сақан Ерасылдың орындауында орыстың халық әні «Светят месяц» , Серікбаева Гүлбахардың орындауында Ақан серінің әні «Маңмаңгер» , Қазақтың халық әні “Маусымжан” аккордеонда орындаған Акышев Асанали, Жусупбек Зеренің орындауында Дина Нүрпейісованың күйі «Науаи» , Ридинг “Концерт” Айтбайқызы Айжанның орындауында, Ибрагим Бауыржанның орындауында Моцарт «Түрік маршы» , Латиф Хамиди «Романс» Жұмабекова Аяжанның орындауында және де Сабыржан Абайдың орындауында Айтқали Жайымовтың «Шалқыма» шығармасымен оқушыларымыз көрерменнин ыстық ықыласына бөленді. Кезекті тағы бір “Кербез” вокалдық тобының орындауында “Қазақ халық әндерінен поппуриге” бердік. Концерттік кешімізді домбырашылар ансамблінің орындауында Сейтек «Шәрипа Ақжелең» және Қуаныш Нүкішевтың «Шабыт» күйімен аяқтадық. Мектебіміздің жас таланттары, өнердің биік шыңына жетсін деген тілекпен, әрқашан еліміздің абыройын асқақтатып, орындаушылық шеберлікпен биік белестерді бағындыра беруін тілейміз!