Мектебімізде “Домбыраның сазды үні” тақырыбында домбыра бөлімінің мұғалімі Тулегенова Нұрбану Арқабайқызының сыныптық класс концерттері өтті. Сыныптық концерт халық күйі «Бозжорға» Серік Азиздың орындауымен басталып, 1 сынып оқушыларының орындауында “Біз өмірдің гүліміз” әнімен жалғасын тапты, оқушылардың жеке орындауында Нұрлан Бекеновтың шығармасы “Арайжан”, халық әні “Илигай”, орыстың халық әні “Шие ағашы”, Ибрагим Нүсіпбаевтың “Домбыра сазы”, Нәдірбеков “Бала шаттығы” және де Сейтектің күйі “Тойбастар” орындалды. Оқушылардың орындауында «Күй шашу», «Өмір жолы» орындалып, халық күйі «Салкүрен» шашу етіліп аяқталды. Мектеп басшысының орынбасары қорытынды сөз сөйлеп, толағай табыстар тіледі.