Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні жыл сайын 1 наурызда атап өтіледі.
Ол 1990 жылы Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен құрылды. Мерекенің мақсаты - ұлттық азаматтық қорғаныс және қорғаныс қызметтері орындайтын маңызды міндеттерге-өмір мен қоршаған ортаны құтқаруға қоғамның назарын аудару.
Мереке күні Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (ХҚҰ) Жарғысының күшіне ену күніне (1972 жылғы 1 наурыз) орайластырылған.
Қазақстан 1996 жылдан бастап ХҚҰ мүшесі болып табылады.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында елде азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттауға және төтенше жағдайлар кезіндегі іс - әрекеттер бойынша халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі.