Мектебімізде “Тарт күйіңді домбыра” тақырыбында домбыра бөлімінің мұғалімі Қапан Олжас Мүшелбайұлының сыныптық класс концерттері өтті. Сыныптық концерт халық күйі «Жастар биі» 1 сынып оқушыларының орындауымен басталып, Халық әні «Ақ бұлақ» және Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйімен жалғасын тапты, оқушылардың жеке орындауында «Тепең көк», «Біз өмірдің гүліміз» әні, Халық күйі «Тайбұрыл», Дәулеткерейдің күйі «Көрғұлы», халық күйі «Шашу» және де «Өрнек» күйі орындалды. Оқушылардың орындауында домбырамен «Гүлдерайым» және «Ләтипа» сияқты дәстүрлі әндер шырқалып, концерттің соңы «Ой жайлау» халық әнімен аяқталды. Мектеп басшысының орынбасары қорытынды сөз сөйлеп, толағай табыстар тіледі.