Қасиетті домбыра - қазағымыздың саф алтындай сақталған қазыналарының бірі. Қазақ пен домбыра ажырамас дүние. Олай болса қазақтың көрнекті композиторы, халық қаһарманы, дәулескер күйші, «Отырар сазы» фольклорлық - этнографиялық оркестрінің негізін қалаушы, Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, КСРО халық әртісі Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Әлқисса» атты аймақтық балалар музыка мектептерінің жас домбырашылар байқауы өтті. Байқауға жалпы қатысушылар саны 25, олардың ішінде Б. Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінен 17 өнерпаз, Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебінен 3 өнерпаз, Амангелді ауданы Музыка мектебінен 2 өнерпаз, Әулиекөл ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебінен 2 өнерпаз және Жангелдин ауданы білім бөлімінің Болат Хамзин атындағы өнер мектебінен 1 өнерпаз бақтарын сынап өз таланттарын көрермендерге паш етті. Байқау жеке орындаушылар арасында өтті.
Байқаудың талаптары бойынша байқау 1 кезеңнен тұрды. Байқауға қатысушылар екі күйден орындады.
1. Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 1күйі міңдетті түрде
2. Таңдау бойынша 1 күй
Байқауда жас домбырашылар кіші, орта және жоғары топ бойынша өнер көрсетті. Кіші топтан жүлделі 3 орынға Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебінің өнерпазы Жақан Аяулым ие болды, жүлделі 2 орынды Б. Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің өнерпазы Арынғазы Еркеназ иеленіп, жүлделі 1 орынға Б. Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің өнерпазы Құлжан Руслан ие болды. Орта топ қатсыушылар бойынша жүлделі 3 орынды Амангелді ауданы Музыка мектебінің өнерпазы Серіков Мерей, жүлделі 2 орынды Б. Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің өнерпазы Тұрғын Мұстафа, жүлделі 1 орынды Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебінің өнерпазы Ғабдолла Әлия және Бас жүлдеге Б. Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің өнерпазы Аслан Нұрдаулет ие болды. Жоғары топ қатысушылары бойынша жүлделі 3 орынды Әулиекөл ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебінің өнерпазы Ынтазар Алишер Болатұлы, жүлделі 2 орынды Жангелдин ауданы білім бөлімінің Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің өнерпазы Қарағұл Айназ Кемеңгерқызы.