Республикалық «Күй күмбірі» домбырашылар челленджіне Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінен 70 оқушы қатысып, халық күйі «Тепең көкті» орындады.

2025 жылғы 20 наурызда сағат 11:00 - де Қазақстанның барлық мектептерінде, колледждерінде және қосымша білім беру ұйымдарында домбыраның сырлы әуені шарықтайды! Наурыз мерекесі қарсаңында мектебіміздің оқушылары музыкалық челленджі өтті.

«Күй күмбірі» челленджі - бұл жай ғана акция емес, ұлттық музыканы дәріптейтін, домбыра өнерін насихаттайтын және ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын үлкен мәдени шара!

Челленджге қосылып, жас домбырашыларға қолдау білдірейік!