KРI бағдарламасы аясында Восточный ауылы, Восточный ауылдық мәдениет үйінде 2025 жылдың 18 сәуір күні, сағат 15.00 - де Қазақстан Республикасының 2023 - 2029 жылдарға арналған мәдени саясатының тұжырымдамасының және облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың хаттамалық тапсырмасын іске асыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Б. Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» өнерпаздарының «Тәуелсіз елдің өнерлі өрендері» атты көшпелі концерттік бағдарламасы өтті. Концерттік кешімізде оқушылардан құралған Ұлт - аспаптар ансамблі Айбол Құдайбергеновтың «Көне Тараз күмбірі» және Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» атты күйін орындады. «Бірлігіміз жарасқан», «Халық әндерінен поппури», «Сайра бұл - бұл», «Туған жер», әндерін сұлу қыздарымыздың орындауында қарсы алдық,фортепианода «Қара жорға» және «Балбырауын» күйі орындалды, “Әкеге арнау” және «Жолыққан қандай жақсы» әні қобызшылар ансамблінің орындауында шырқалды. Балташ Нұртастың орындауында «Сағынамын», Әбдіқадыр Айшабикенің орындауында «Алтынай» күйі орындалды. “Ауылға барамын” әнімен Қапан Олжас, «Haddaway - What is Love» әнін Трио аккордеонистов орындап арықарай кешімізді Арқа сазы этно - фольклорлық ансамблі қорытындылады. Тәуелсіздігіміздің туын биікте желбіретіп, төскейін төрт түлікке, қамбасын алтын дәнге толтырып, шаруашылығын өркендеткен, берекелі, мерекелі Восточный ауылына арналған концерттік бағдарламамыз осымен тәмәмдалды.









