Сүйінші! Жарайсың Нұржайна! Құттықтаймыз!
Қостанай қаласында 19-21 сәуір аралығында үш күнге созылған Жастар сарайында «Алтын микрофон – 2023» XХ Халықаралық әншілер байқауы болып өтті.,екі кезеңнен тұрған бұл байқауға Қазақстаннан өзге Болгария, Армения, Қырғызстан, Украина және Өзбекстан елдерінен келген әншілер өнер көрсетті. Дәстүрлі додаға биылғы жылы 5 мемлекеттен және еліміздің барлық облыстарынан 77 өнерпаз қатысқан. 19 сәуірде байқаудың бірінші кезеңі өтсе, 20 сәуірде екінші кезеңі, ал 21 сәуір сағат 11:00-де «Жастар сарайында» жеңімпаздарды марапаттау рәсімі және Гала-концерті өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдоллаұлы бастаған халықаралық дәрежедегі қазылар алқасы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтаған осы байқауда бақ сынасып, Арқалық қаласынын намысын бермей, кіл мықтылардың ішінен оза шауып, кіші топ бойынша өнер көрсетіп, жүлделі 3 орын және 100000 тг ақшалай сыйлыққа ие болған біздің мектебіміздің мақтанышы вокал бөлімінің 1 сынып оқушысы Тубалды Нұржайнаны осы байқауда ие болған кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!Жарайсың Нұржайна!Жетекшісі Баяхметова Гульнур Балташовна.Біздің қаламыздың алтын дауыс иесі Нұржайнаны жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, әрқашан өнердің биігіне самғап, жұлдызың жарқырай түсіп, тек Қазақстан елін ғана емес бүкіл әлемді танытатын талантты жас өнерпаз болуына шын жүректен тілектеспіз! Біз сенімен мақтанамыз!
https://baikadamov-muzshkola.arkalyk.edu.kz/en/uslugi-4/123-altyn-mikrofon-2023.html#sigFreeIddbb23fc5bd













