Арқалық қаласының әкімі жылдағы дәстүр бойынша салтанатты жиында түрлі салада жетістікке жеткен қала жастарына есімдері «Алтын кітапқа» енгені туралы арнайы куәліктерін табыс етті. Ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген дарынды жастардың қатарында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Бақытжан Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі домбыра сыныбының мұғалімі Карибаева Асель Мейрамовнаның есімі «Ерекше қоғамдық белсенділігі үшін» номинациясы бойынша «Арқалық қаласы жастарының Алтын кітабына» енгізілді.Әріптесімізді шын жүректен құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз.
https://baikadamov-muzshkola.arkalyk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/113-ar-aly-alasy-zhastaryny-altyn-kitabyna-engizildi.html#sigFreeIdf81fb1ea3d









