Мектебімізде СССР-дің халық әртісі, педагог, композитор Ғазиза Жұбанованың туғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылған концерт болып өтті.
Қазақ халқының музыка өнеріне мол үлес қосқан Ғазиза Ахметқызы мол мұра ретінде 3 опера, 4 балет, 3 симфония, 3 концерт, 6 оратория, 5 кантат, 30 дан астам камералық музыка, хорға арналған шығармалар, кинофильмдер мен спектакльдарға әуендер қалдырып, сонымен қатар, халық әндерін жаңаша әрлеген. Халық жадында жатталған шығармалары тарих көшімен ілесіп қазіргі ұрпаққа жетті:
Абдибек Алиханның орындауында композитордың "Кюй";
Халитова Юлияның орындауында "Легенда";
Абдибек Аяулымның орындауында "Прелюдия" шығармалары орындалды.
Cонымен қатар,Майорова Варяның орындауында Абай атамыздың "Көзімнің қарасы" шығармасы орындалды.
Компзиторды музыка әлеміне жетелеген әкесі Ахмет Жұбановтың "Қарлығаш" шығармасын Сайлаубек Альмира орындады.
К.Шильдебаевтың "Вальс" шығармасын Микильсон Александр;
Б.Кыдырбекова "Жаңа қуыршақ" шығармасын Филоненко Кира;
С.Кибирова "Куз" шығармасын Тулентаева Амина;
Б.Дальденбаев "Келіншек" шығармасын Вирт Лоида;
Т.Мухамеджанов "Детство" Кирик Милена орындап, көрермен қошеметіне бөленді.
Концерт соңында Ғазиза Жұбанованың ізін жалғастырушысы, біздің балалар музыка мектебінің түлегі Қадыров Алибек туралы шәкірттерге үлгі ретінде таныстырылды.









