Мектебімізде домбыра бөлімінің мұғалімдері Хасен Асан Балғабекұлы мен тәлімгері Жусупова Балым Сейтхановна және Шакиров Нағашыбай Мейрамовичтің ұйымдастыруымен "Домбыра-асыл мұра" атты класс концерті болып өтті.
Атадан балаға мұра болып келе жатқан, ұлтымыздың тарихын ұлықтауда өзіндік жүрегінен ойып тұрар орын алған киелі аспапты қолдарына ұстап, болашаққа қадам басып келе жатқан жас шәкірттер ұстаздардан алған тәлімдерін көрсете білді.
Класс концерттің бастамасы домбыра бөлімінің оқытушылары: Асан Балғабекұлының орындауында Құрманғазының «Байжұма», Нағашыбай Мейрамовичтің орындауында Дина анамыздың "Мереке" күйлерімен бастау алды.
Мукашева Ақботаның орындауында Сейтектің "Жантаза" күйі;
Олжабай Аяулымның орындауында Баламайсанның «Қыз Ақжелең» күйі;
"Ұстаздан шәкірт озар жарысқанда" демекші, Нағашыбай Мейрамович пен оқушысы Олжабай Аяулым «Ақсақ құлан» күйін шебер орындады.
Бейсембаева Дария және Мукашева Ақботаның орындауында «Қолбасшы» күйі;
Домбыра бөлімінің оқытушысы Жусупова Балым Сейтхановна шәкірттері Қадыр Нұрәли және Әбдіқадір Айшабикемен концермейстер Бондаренко Римма Анатольевнаның сүйемелдеуімен орыстың «Коробейники» халық әнін орындап, көрерменнің ықыласына бөленді.Тәжібаев Алдияр, Қуаныш Айнәзік, Кәки Айбибінің орындауында «Тепен көк» халық күйі;Шанағында бабаның мұңы, ананың сыры сақталған, қазақтың жүрегі мен даланың үніне айналған қасиетті аспапта ойнауды меңгеріп келе жатқан шәкірттер күйлерден «Попурри» ойнады. Орындағандар Әбдіқадір Ақжайық, Сайлаубек Нұрғиса, Аслан Нұрдаулет, Бөлтірік Назерке, Тұрғын Мұстафа, Сабит Аяулым;
Сонымен қатар фортепианода Вовченко Даниельдің сүйемелдеуімен, пьесалардан «Попурри» орындалды. Орындағандар: Әбдіқадір Тұмар, Әбдіқадір Ақжайық, Қоянбай Сезім, Хасен Адина, Сейдина Малика, Сайлаубек Нұрғиса;
Қазақ пен домбыра егіз ұғым. Домбырада халықтың бар тіршілігі астасып жатыр. Қасиетті аспапқа талайлардың тамсанғанына тарих куә. Атай Огонбаевтың «Маш ботой» шығармасын ансамбль күйін келтіре орындап берді.Әбдіқадір Айшабике, Мукашева Ақбота, Бейсембаева Дария, Сайлаубек Томиристың орындауында «Күй айтыс» шығармасы көптің көңілінен шықты. Қазақ халқының ажырамас бір бөлшегіне айналған домбыраны жанымен бірге аспапта ойнау шеберлігі қанына да сіңірген жас шәкірттер талай белесті бағындырып, домбыраның атағын одан әрі аспандата беретініне сеніміміз мол









