Мектебімізде домбыра аспабының мұғалімі Қапан Олжас Мүшелбайұлының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Рамазан Стамғазиевтің  мерейлі  55 жасына арналған сонымен қатар,  болашақ дәстүрлі ән өнерін дамытып, мектепте арнайы  сыныптар ашу мақсатында "Дариға дәурен"  атты лекция концерті болып өтті.Концерт басында мерейтой иесі, "Құрмет" орденінің иегері СтамғазиевРамазан Өмірәліұлы Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі ұжымына алғысын білдіріп,  видеосәлемдемесін жолдады.

Лекция концертте халқымыздың дәстүрлі әндерін кеңінен насихаттап жүрген Рамазан Өмірәліұлының балалық шағынан бастап, өнер жолына аяқ басқан кезеңдері, баяндалды.Сонымен қатар, сахна саңлағының жеткен жетістіктері мен өкше басқан шәкірттері  туралы да айтылды.

Концертті дәстүрлі ән сыныбының 2  сынып оқушысы Сардар Айарудың "Қошақаным" әнімен бастау алып, Инган Жәнияның "Еркем ай" шығармасымен жалғасты.Концертіміздің атауы "Дариға дәурен" әнімен аталғандықтан, Олжас Мүшелбайұлы аталмыш  әннің  шығу тарихымен таныстырып, әннің бейнебаянын  көрермендер экран арқылы тамашалады.

Олжас Мүшелбайұлы мен мектебіміздің түлегі Жаңбыршы Томиристың орындауында "Меркі" әні көрермендердің қошеметіне бөленді.

Кештің арнайы қонағы, әнші Рамазан Әмірбек   "Дариға дәурен" әнін бабына келтіре шырқап,  кешті қорытындылады