Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ

«Құрманғазы күйлерін орындау ерекшеліктері»

атты лекция концерттің есебі 

Қазақ тарихының өнер әлемінде тылсымнан тербеп күй төккен Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Есір, Тәттімбет, Махамбет, Дина, Сүгір, Қазанғап сияқты күй қырандарының дәстүрлі жолын ұстанған ұрпақтар, күй өнерінің дарабоздары, күйші-домбырашылар қаншама десеңші!Соның бірегейі Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған  мектебімізде «Құрманғазы күйлерін орындау ерекшеліктері» атты лекция концерті өтті.Концерт барысында күйші композитордың өмір жолы мен шығармашылығы жайлы сөз қозғалып,мәдениет тарихында өшпес із ретінде мұра болып қалдырған күйлері орындалып, сол күйлердің шығу тарихы туралы қысқаша айтылды.Атап айтатын болсақ,концерттің алғашқы шымылдырығы ансамбльдің орындауында «Балбырауын» күйімен ашылды.Кейін күйші ұстазына арналған «Ұзақ Ақжелең» күйі А.М.Карибаеваның, халық арасында кең тараған «Байжұма»күйі А.Б.Хасеннің,ақсап кеткен киіктей жаралыларға арналған «Ақсақ киік» күйі А.Ж.Сейтжанның,сазгердің анасынан айырылып,белгісіз кезеңде пайда болған туындысы «Аман бол,шешем аман бол» Н.Қ.Айдаровтың,еркіндік сүйген елдің өз мінезіне адайдың қызына арнап «Адай» күйі С.С.Шайхиннің, төкпе әрі жүрдек әуендері әрқилы күйі «Терісқақпай» А.К.Акановтың орындауларында қазақтың дәстүрлі музыкасының шыңында тұрған шығармаларының бірнешеуі  орындалды.Концерттің соңы ұлттық өнерімізді әлемге танытқан бұл күй ұлы күйшінің туған жеріне, қазақтың кең даласына деген махаббатынан туған туынды. Қуғын-сүргінге ұшырап жүрген шағында жазылған, бүкіл қазақ халқының еркіндікке, азаттыққа деген құлшынысының көрінісіндей болған Құрманғазының «Сарыарқа» күйі ансамблдің орындауында орындалды.Құрманғазыдай басқада күйшілер мен қазақтың қара домбырасының үні-күй өнерін,ұлтымыздың рухани құндылығын  жыл сайын дәстүрге айналдыру,ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру  біздің міндетіміз!