Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы  білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ

«Өнерге қанат қаққандар» атты кәсіби бағыт - бағдар беру концертінің

қорытынды есебі

Қостанай облысы білім басқармасы "Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі" КММ-сы жас таланттардың дарынын анықтап, музыкалық қабілеттерін байқау мақсатында жыл сайынғы дәстүр бойынша  қала және ауыл мектептеріне арналған 12 мен 21 сәуір аралығында "Өнерге қанат қаққандар" атты кәсіби бағыт-бағдар беру концерті өткізілді.Атап айтатын болсақ,12 сәуір №5 жалпы білім беретін мектебі,14 сәуір Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі,17 сәуір Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы,18 сәуір А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы,19 сәуір Ш.Уалиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі,20 сәуір №10 жалпы білім беретін мектебі сағ 12.00 де,Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі сағ 16.00 де,Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебі сағ 17.30 және қорытынды  21 сәуір А.Байтұрсынов атындағы мектеп- гимназиясымен аяқталды.

Жас өнерпаздарымыздың шығармашылығына көрермендер ыстық ықыласын білдіріп жатты.Қала және ауыл мектептеріне өткізілген бұл концерт,өзге іс-шаралардан ерекше болды. Бізде оқитын әр бөлімнің оқушылары, тек өздері оқитын жалпы білім беретін  мектептерінде өнер көрсетті.Концерттің соңында болашақта біздің мектебімізге  жас өнерпаздардың бойындағы музыкалық дарыны мен қабілеттерін байқап, одан әрі шыңдауды мақсат еткен бастамамыз ретінде арнайы мектеп оқушыларына дайындалған және мектебіміз туралы толық ақпарат көрсетілген,арнайы үлестірмелі парақшалар таратылды.Әрі қарай дәл осы тақырыпта 2022-2023 оқу жылының қорытындысы ретінде,енді қаламыздың жасөспірімдер театрында мамыр айында мектебіміздің есеп беру концерті жоспарланып отыр.Екінші жылдан бастап бастау алған бұл кәсіби бағыт-бағдар беру концертіміз жыл сайын  дәстүрге айналып,жалғасын таба бермек!Осы орайда бізге қолдау білдіріп,оқушылардың уақытында сабақтан босатуын қамтамасыз еткен, барша қала және ауыл мектептерінің мектеп директорларына  ұжымымыздың атынан алғысымызды білдіреміз!Әрқашан жас таланттардың болашағы үшін жасап жатқан еңбектеріңізге толағай табыстар мен сәттілік тілейміз!