«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы  білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ

«Құлақтан кіріп бойды алар» вокал бөлімінің мұғалімдерінің  класс концерті

(сілтемесі https://www.instagram.com/p/CoE0rskqyJD/?igshid=MDJmNzVkMjY= )

Вокал бөлімінің «Құлақтан кіріп бойды алар»атты клас концерті 🎼🎶🎤

Мектебіміздің жылдық жоспарына сәйкес вокал бөлімінің мұғалімдері

 Г. Б. Баяхметова, Д.Р. Кауметова мен Е.А.Мамбетовтың ұйымдастыруымен «Құлақтан кіріп бойды алар» атты жылдық класс концерті болып өтті. Концерт Абай атамыздың ұлы сөздерімен бастау алып «Абай әндерінен попури» орындалды. Тек ғана ән шырқалмай көрермендерге арнайы жұмбақ жасырылып, шешуін тапқан адамға арнайы сыйлықтар табысталып,сол жауапқа сәйкес оқушылар ән шырқап, кештің шырайын одан сайын аша түсті.Кезекті жұмбақтың шешімі табылып, концертмейстер Ж.К.Молдажанованың сүйемелдеуімен С.Бәйтерековтың "Күнге табыну" әнін Таубалды Нұржайнаның орындауында көрермендер жылы қабылдады. Концерттік шара барысында тек қазақ әндерң ғана емес, алыс жақын шетел әндері де шырқалды, оған дәлел концертіміз жалғасын тауып, ереже бойынша жұмбақ жасырылып, концертмейстер Г.Е.Қожахметованың сүйемелдеуіменАлексеенко Баженнаның "Валенки" әнін орындауы. Экранда жасырылған сурет бойынша тапқырлық танытқан жанға сыйлығы табыс етіліп,  өз кезегінде жауапқа сәйкес Б.Байқадамовтың "Алма ағаштар жайнайды" әні Азаматқызы Айлананың орындауында шырқалды. Келесі кезекте Сейтжан Жаннұрдың орындауында "Пряха" әні орындалды. Концерт одан әрі қызықты бола түсті, себебі бұл жолы экранда композитордың көзі жасырылды. Сазгерді көз жанарынан дәл тауып, шешімін айтқан жанға сыйлығы беріліп, ережеге сәйкес Е.Хасанғалиевтің "Асыл арман" әні Балташ Нұртастың орындауында көрерменнің құлақ құрышын қандырды.Концерт жас әншілерінің орындауындағы Б.Байқадамовтың "Жас ұландар маршы" әнімен жалғасын тапты. С.Бәйтерековтың "Биле жастық" әні Сарбасова Гауһартастың орындауында концерттің қорытынды әні болды. Қазаққа талай жауһар жырлар мен әуенді әсем әндерді сыйға тартқан сазгерлерді ұлықтап, жас шәкірттер арасында кеңінен насихаттау, санасына сіңіріп, жадына жаттату біздің алдымызға қойылған мақсат деп білеміз.