«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ
Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Күй атасы Құрманғазы»домбырашылар байқауы https://www.instagram.com/reel/Co12YmsK3Ld/?utm_source=ig_web_copy_link
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі" КММ ұйымдастыруымен Рухани жаңғыру жобасы аясында Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арнап "Күй атасы- Құрманғазы" атты қалалық домбырашылар байқауы өткізілді.
⚜️Байқау шарты бойынша Құрманғазының "Адай", "Балбырауын" күйлерін орындау міндеттеле отырып, ережеде көрсетілген 5 күйді әділқазылардың таңдауы бойынша орындау.
⚜️Байқаудың төрелігін анықтайтын әділқазылар құрамы:
📌Мектеп басшысы Бөлтірікова Жақсыгүл Ибрагимқызы
📌Қостанай облысы білім басқармасының "Арқалық қалалық білім бөлімі" ММ әдіскерлері Сүйінбекова Гүлнұр Тұрғынқызы мен Алдамжарова Ақбота Меңдешқызы
📌Торғай гуманитарлық колледжінің домбыра аспабының мұғалімі Шакиров Ерлан Асқарұлы.
📌 Ата-ана Сейдахметова Қалима Қадырқызы.
⚜️Байқауымыздың сахнасын ашып берген, Қостанай қаласында өткен "Алтын микрафон" байқауының 1 орын жүлдегері, Республикалық байқаулардан бой көрсетіп өнерімен танылған вокал сыныбының оқушысы Таубалды Нұржайна әсем әнімен байқау шымылдығын ашып берді.Жетекшісі Баяхметова Гульнур Балташовна.
⚜️Байқау ережесіне сәйкес, қатысушылар 7-10, 11-14, 15-18 жас аралығы бойынша топтарға бөлініп, жалпы саны 37 қатысушы кезегімен өнер көрсетіп шықты.
⚜️Байқауда оқ бойы озық болған өнерімен, таудай талантымен көзге түсіп, жүлдегерлер төмендегідей анықталды:
📌ҮЛКЕН ТОП БОЙЫНША:
🏆БАС ЖҮЛДЕ- Жаңбыршы Томирис- Ш.Уәлиханов атындағы /1 ЖББМ
🥇1-ОРЫН- Кенжебайқызы Азиза- Кейкі батыр атындағы /4 ЖББМ
🥈2 -ОРЫН- Бейсенбаева Дария - Б.Байқадамов атындағы БММ
🥈2 -ОРЫН-Мукашева Ақбота- Б.Байқадамов атындағы БММ
🥉3-ОРЫН- Қадырқызы Шұғылы- Б.Майлин атындағы /3 мектебі.
🥉3-ОРЫН-Сақанова Гүлназ- Кейкі батыр атындағы /4 ЖББМ.
📌ОРТА ТОП БОЙЫНША:
🏆БАС ЖҮЛДЕ- Ибрагим Бауыржан- Б.Байқадамов атындағы БММ
🥇1-ОРЫН- Бақыт Асқар- "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер орталығы
🥈2-ОРЫН- Сабыржан Абай- А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия
🥈2-ОРЫН- Қадыр Нұрали- Б.Байқадамов атындағы БММ
🥉3-ОРЫН- Әбдіқадыр Айшабике- Б.Байқадамов атындағы БММ
🥉3-ОРЫН- Сахан Ерасыл- Б.Байқадамов атындағы БММ
🥉3-ОРЫН-Вовченко Даниель - Б.Байқадамов атындағы БММ
🥉3-ОРЫН- Әнуар Архат- Ақбұлақ негізгі орта мектебі.
📌КІШІ ТОП БОЙЫНША:
🏆БАС ЖҮЛДЕ - Аслан Нұрдәулет- Б.Байқадамов атындағы БММ
🥇1 -ОРЫН- Сайлаубек Нұрғисса - Б.Байқадамов атындағы БММ
🥈2-ОРЫН- Нұралы Жансұр - Б.Байқадамов атындағы БММ
🥉3-ОРЫН-Серікбаева Гүлбахар- А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия.
⚜️Байқау жеңімпаздарына Арқалық қаласы білім бөлімінің арнайы марапат қағаздарымен бірге "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер орталығының суда жүзу бассейнінде бір күндік тегін абономенті табысталды.
⚜️Күй атасын дәріптеп,күйлер арқылы қазақтың қасиетті қара домбырасын ұлықтауды мақсат еткен байқау өз мәресіне жетті.









