«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы  білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ

«Музыкальная страна» фортепиано бөлімі мұғалімдерінің  класс концерті

(сілтемесі  https://www.instagram.com/p/ClOyStgqmbr/?igshid=ZmRlMzRkMDU=

https://www.instagram.com/p/ClOzVp7K6m4/?igshid=ZmRlMzRkMDU=)

Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің фортепиано бөлімінің ұстаздары мен оқушыларының ұйымдастыруымен "Музыка әлемі" атты концерті болып өтті.

Көрермендердің көңілін көтеріп қана қоймай, оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, ізденімпаздыққа тәрбиелеу мақсатында концерт барысында музыкаға байланысты жұмбақтар жасырылды. Оқушылар тапқырлықпен жауап беріп, концерттің шырайын аша түсті. Фортепиано сыныбының талантты оқушылары қазақ композиторларының ғана емес, шетел сазгерлерінің туындыларын орындады, атап өтсек:

Абдибек Алихан Ғ.Жұбанованың "Күй" шығармасы, ал Абдибек Аяулым У.Гиллоктың "Каникулы в Испании";Сонымен қатар, Нуриева Милани Е. Поплянованың "Песенка старого дилижанса" шығармасы,  Черепанова Дарина "Паутиновый жучок";Көрермендер Ғ.Жұбанованың "Легенда" атты шығармасын Халитова Юлияның орындауында тыңдаса, К.Шілдебаевтың "Вальс" туындысын Микильсон Александра;

Н.Торопованың "Весенний этюд" туындысын Абдибек Айдана орындаса, осы автордың "Частушкиын" Муканова Хадиша;Алпысбаев Алишер У.Гиллоктың "Зачарованное дерево" туындысымен қуантса, Сайлаубек Альмира "Странники";Тулентаева Амина "Гудбай", Муратбек Дильназ  Фоссердің  "Мелодия души", Муратбек Дильназ бен Муратбек Айбота Торопованың "Мелодия осени";Кенжебекова Жания К.Шуманның "Смелый наездник", Мадиқызы Айханым Д.Кабалевскийдің "Клоуны";Черепанов Назар, Батырхан Айзере, Абдибек Адилет, Муратбек Айбота, Мурат Амина, Карбозова Аяна "Я люблю кофе, я люблю чай" шығармасын орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Фортепиано аспабының қыр- сырын ұғынып, нотамен дос болған жас шәкірттер ұстаздарының қолдауымен  көрермендерге  қызықты да көңілді концерт сыйлай білді.