«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы  білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ

«Мамандығым мақтанышым» тақырыбында жас мамандардың есеп беру  концерті

(https://www.instagram.com/reel/CourzlUAwFU/?utm_source=ig_web_copy_link)

«Мұғалім» - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман.

Осы орайда ұстаздық жолды жүрек қалауымен таңдап, оқу орындарын аяқтап, еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан осы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласыбілім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ-нің жас мамандарының ұйымдастыруымен жыл сайынғы жоспар бойынша «Мамандығым-мақтанышым» атты жас мамандардың есеп беру концерті болып өтті.
Концерт шымылдығы Олжас Мүшелбайұлының «Ақбота» атты тамаша әнімен ашылды.Сейтек «Жантаза» күйін домбырашы жас мамандар Асан Балғабекұлы, Асель Мейрамовна, Азамат Жангелдіұлы орындады.
Биылғы оқу жылында біздің мектебімізге жұмысқа жаңадан қабылданған жас маман домбырашы ұстаздарымыз Асан Балғабекұлы мен Азамат Жанкелдіұлының қос ішекті қоңыр домбырасынан Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйі төгілді.Әріптесіміз Олжас Мүшелбайұлының орындауында «Менің ағам» әніне кезек берілді.Өмірде басты бағдарымызға айналып, кірпіш болып қалануымыздың себепшісі мамандыққа тақырыбына арналған концертіміз жалғасын тауып, концертмейстер Ержан Ақансеріұлының сүйемелдеуімен жас мамандардан құралған квинтет тобы «Мұңайма» әнін көрерменге ұсынды. Көрермендер қатарынан табылған білім беру ісін көпжылдық тәжірибесімен жанына серік еткен ұлағатты ұстаздар мен әріптестерге болашақта таңдаған мамандықтың майталманы атанып, үздік шәкірттерді тәрбиелеп, сенімге селкеу түсірмей, аянбай еңбек етуді мақсат еткендерін атап өте отырып, жас мамандардың ұйымдастырылуымен өткен «Мамандығым-мақтанышым» атты есеп беру концерті өз мәресіне жетті.