«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ
Қобыз бөлімі мұғалімдері Хасенова Р.М. Тулегенова Ж.А. және Кабылова К.С. Утегенова А.Ж. мен аккордеон бөлімінің мұғалімі Газизова Р.А.-ның класс концерттері
(https://www.instagram.com/reel/CozqysuKsSC/?utm_source=ig_web_copy_link)
Қобыз – көнеден келе жатқан музыкалық аспап.
Қорқыт бабамыздың қарағайдан қайырып, үйеңкіден үйіріп алған қобызы - дүниежүзіндегі ең көне аспап болып саналады. Сонымен қатар, скрипка аспабының атасы. Бір кезеңдерде халықтың жадынан жоғалып кеткен жәдігер қобыз тәуелсіздікпен бірге қазақ өнеріне қайта оралды.
🎻 Оған дәлел, қазіргі таңда қобыз аспабына аса мән беріліп, ұрпаққа мұра етуді мақсат етуіміз. Сол себепті, Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі қобыз бөлімінің мұғалімдері атап айтсақ Ж.И. Бултирикова, Р.М.Хасенова, Ж.А.Тулегенова, К.С.Кабылова, А.Ж.Утегенованың және аккордеон бөлімінің мұғалімі Р.А.Газизованың ұйымдастыруымен Үндестік жобасы аясында аталған тақырыпта класс- концерт көпшілік назарына ұсынылды.
🎻Кезекті концерт Ж.К. Молдажанованың күйсандықта сүйемелдеуімен қобызшылар ансамблінің орындауындағы М.Төлебаевтың "Кестелі орамал" шығармасымен бастау алып:
🎻 Осы уақытқа дейін қобыз аспабына қызығушылық танытып, аспапты меңгеріп жатқан 1 сынып оқушылары Моцарттың "Аллегретто";
🎻5 сынып оқушысы Аяулым Жұмабекова Г.Е.Қожахметованың сүйемелдеуімен Л.Хамидидің "Романс";
🎻4 сынып оқушысы Анель Спанова Ғ.Оразғалиеваның "Шығыс биі";
🎻 3 сынып оқушысы Ақбаян Қойшыбай Құрманғазы бабамыздың "Саранжап";
🎻1 сынып оқушысы Аяулым Талғат Абайдың "Желсіз түнде жарық ай";
🎻4 сынып оқушысы Құрманғазы Райымбек Л.Ветховеннің "Танец";
🎻 6 сынып оқушысы Назым Алтынбаева Е.Үсеновтің "Қосбасар";
🎻Аяжан Жұмабекова оқытушысымен Ш.Қалдаяқовтың "Арыс жағасында";
🎻2 сынып оқушылары Гүлбахар Серікбаева, Жанбота Қадыр оқытушысымен И.С.Бахтың "Менует";
🎻3 сынып оқушылары Жасмин Әбдімәлік, Мадина Шотпай оқытушысымен Неаполитандық әні "Санта Лючия";
🎻3 сынып оқушылары Меруерт Максим, Ақбаян Қойшыбай, Назым Алтынбаева оқытушысымен П.Мартиннің "Ча-ча-ча";
Сонымен қатар, аккардеон сыныбының оқушылары Матвей Слепов, Асанәли Акышев, Райымбек Құрманғазы да оқытушысымен қалыс қалмай Ф.Шуберттің "Экасез" туысындысын тарту етті.
🎻К.Дженкинстің "Палладио" шығармасы мұғалімдердің орындауында кештің қорытынды нөміріне айналды. 🎻Қазақтың көнеден келе жатқан қасиетті аспабын ұмыт қалдырмай насихаттауға бағытталған концерттік кеш көпшілік көрермендердің ыстық қошеметімен аяқталды.
https://baikadamov-muzshkola.arkalyk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/128-dmsh-g-arkalyk-obyz-b-limini-klas-kontserti.html#sigFreeIdb45d537f27









