«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ
Домбыра бөлімінің мұғалімдері Карибаева А.М. және Қапан О.М.-нің «Әсем ән мен тәтті күй!» атты класс концерті
(https://www.instagram.com/reel/CpOfDSZqFTF/?utm_source=ig_web_copy_link)
Домбырам жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам сен болмаса,
Өнердің не екенін білмес едім-демекші мектебімізде
Үндестік жобасы аясында “Құлақтан кіріп, бойды алар, әсем ән мен тәтті күй”атты домбыра сыныбының мұғалімдері Қапан Олжас Мүшелбайұлы мен Карибаева Асель Мейрамовнаның ұйымдастыруымен дәстүрлі ән шырқалып, күмбірлеген күй тыңдалған, өсіп келе жатқан жас та талантты оқушылардың сыныптық концерті болып өтті.Дәстүрлі ән бойынша Сардар Айару мен мұғалімі Қапан Олжастың орындауындағы халық әні «Беу-айдай» әнімен бастау алған концертіміз, оқушыларымыз Айдар Балқадиша, Мұхтар Айкөркем, Өмірбай Аяулым, Қазыкен Жанерке мұғалімдері Асель Мейрамовнамен орындауындағы халық күйі «Нар агачи» күйімен жалғасын тапты.Өнерлі өрендер Максим Маржан, Нұралы Жансұр «Құр ойнақ: күйін күмбірлете ойнады.Айтбай Айзада, Шакиржанова Айару мұғалімі Олжас Мүшелбайұлымен бірге халық күйі «Тепең көкті» нақышына келтіре орындап берді.Талантты ұлдарымыз Жұмабай Әбубәкір, Нұралы Жансұр, Тюрякин Жандаулет халық күйі «Салкүрең» күйін орындап, көрермен қошеметіне бөленді.Өнерлі аруымыз Елеусізова Жансая А.Мұздаханов ағамыздың «Тархан баба» күйін қоңыр домбырасымен күмбірлетті.Абдулхамит Райымбергеновтің «Секіртпе» туындысын бір топ өнерлі жастарымыз Нұралы Жансұр, Қойшыбай Каусар, Тюрякин Жандаулет, Максим Маржан, Елеусізова Жансаямен бірге мұғалімі Асель Мейрамовнамен қазақы киімдерімен күйді нақышына келтіріп орындады.Сыныптық концерттің соңы мектебіміздегі класс мұғалімдерінің “Ақжелең” күйін орындаумен тәмамдалды.Концерттің соңыңда мектеп басшысы Ж.И.Бултирикова мен ата-аналар сөз сөйлеп,жылы лебіз тілек,алғыстарын айтып,арнайы класс мұғалімдеріне дайындаған гүл шоқтарын тарту етті.Бабадан қалған есті ән, әсерлі күй әрқашан атадан балаға мол мұра боп қала бермек. Сол рухани мирасты әр оқушының санасына сіңіріп, жадына жаттату бізге парыз!
https://baikadamov-muzshkola.arkalyk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/129-sem-n-men-t-tti-k-j.html#sigFreeId576ef793ac









