1-наурыз алғыс айту күніне орай
«АЛҒЫС АЙТУ ПАРЫЗЫМ»атты
фортепиано және аккордеон бөлімінің тәрбие сағаты
(https://www.instagram.com/reel/CpNERcpqOUn/?igshid=MjkzY2Y1YTY=)
Мектебімізде «Ризашылық- мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру аясында және 1 наурыз алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту парызым» атты тәрбие сағаты болып өтті.
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, адамзат баласының мейірім мен қамқорлық мейрамы, сонымен қатар елімізде тыныштық пен барша қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Мерекелік тәрбие сағатын оқушыларымыз екі тілде жүргізді.Жиын аккордеоншылар дуэтінің орындауындағы Франц Шуберттің "Экосез" шығармасымен бастау алды.Алғыс айту күні деп аты айтып тұрғандай, мектебімізде білім алушыларымыз Сулейменова Айша, Абдибек Аяулым, Майорова Варя, Муратбек Дильназ, Микильсон Саша,Нуриева Милани, Халитова Юлия, Черепанова Назар и Дарина Отанға, ата-анаға, ұстазға, мектепке деген алғыстары мен жыр жолдарын арнады.Көрермен Халитова Юлияның орындауында халық әні «Қара Жорғаны»орындады.Кенжетаева Жания барша қазақстандықтарға арналған өлең шумақтарын оқыды.Мұратбек Дильназ бен Айбота «Песенка друзей» әнін шырқап берді.Фортепиано және аккордеон бөлімінің ұстаздары Молдажанова Жумаш Кайрулаевна, Юсупова Анна Владимировна, Елеупова Куаныш Темирфайловна, Газизова Роза Амангельдеевна, Бондаренко Римма Анатольевна өз кезектерінде шәкірттерге алғыстарын білдіріп, тәтті сыйларын таратты.Мәнді де мағыналы, әсерлі өткен жиында Таубалды Нұржайна оқушымыз «Алғыс анаға,алғыс әкеге!» әнін шырқап, оқушылар мен ұстаздар алғыстарын жүрекше пішіндес стикерлерге жазып, Алғыс тақтасына ілумен тәмамдалды.
Әрқашан үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіріп, айналаға тек мейіріммен, қамқорлықпен қарап, алғыс айтуды әдетке айналдырайық!
https://baikadamov-muzshkola.arkalyk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/130-al-ys-ajtu-paryzym-atty.html#sigFreeId8b9da57446









