Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ

Домбыра бөлімінің мұғалімдері Жұмабаев М.К. Шайхин С.С. және

Айдаров Н.Қ-ның «Күй қастерлі -  әуез» атты класс концерті

(сілтемесі https://www.instagram.com/reel/Cq2c0yNqMRM/?igshid=YmMyMTA2M2Y=)

Мектебімізде домбыра бөлімінің мұғалімдері Жумабаев Мейрамғали Конысбаевич Шайхин Серікболсын Сейтбекұлы және Айдаров Нұрхан Қабылахатұлының ұйымдастыруымен «Күй қастерлі - әуез» атты домбыра бөлімінің қорытынды класс концерті болып өтті. Қазақтың қара домбырасының үні - күй өнері, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы. Қос ішектің күмбірімен шанағынан сыр ақтарған домбыра тілі — ел өнерін жаһанға танытқан асыл әуен - деп класс концерттің бастамасы домбыра бөлімінің ансамбльдің орындауында Құрманғазының «Балбырауын» күйімен бастау алды. Ибрагим Бауыржанның орындауында Қазанғаптың "Тор жорға аттың бөгелек қағуы"күйі жетекшісі Жумабаев Мейрамгали Конысбаевич; Сагиндик Аңсағанның орындауында Дәулеткерейдің «Көрғұлы»күйі; жетекшісі Шайхин Серікболсын Сейтбекұлы; 1 сыныптардан құралған ансамбльдің орындауында халық күйі «Тепең көк», «Жастар» күйлері; Трионың орындауында орындауында Қазанғаптың «Ақжелең» күйі жетекшісі Айдаров Нұрхан Қабылахатұлы; Мұхамеджан Мәриям мен Ибрагим Бауыржанның орындауында Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі; Қарсақбай Нұрдәулеттің орындауында Б.Абеновтың «Желдірме» сияқты қазақ халқының тұрмыс - харекетімен, өмір - тіршілігімен әрқашанда тығыз байланыста болатын күй – жүздеген жылдардан бері қанат жайып, өркендеп келе жатқан бірнеше күйлер орындалды. Халқымыздың музыкалық қазынасында сары алтындай сандалкер күйлер жүздеп саналады. Оларды хатқа түсіретін нота мәдениеті жоқ болса да, сыры мен сымбатын жоғалтпай, қайта ажарлана, әрлене түсіп, ауыздан ауызға көшіп, атадан балаға мирас боп қала берді. Әлбетте, құм басқан қалалардай, бізге жетпей, уақыт шыңының астына көміліп қалған күйлер де есепсіз екені даусыз. Концерттің соңы ансамбльдің орындауында Н.Ахметбековтің «Желдірме» күйі көптің көңілінен шықты. Бабалар тастап кеткен асыл мұрамызды жалғастыру біздің міндетіміз, сондықтан да осы бүгінгі концертте  күйшілік өнерін өскелең ұрпаққа, өнер сүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау,жыл сайын осындай домбыра бөлімінің әр мұғалімдерінің оқушыларымен біріктіріп өткізілетін класс - концерттерін дәстүрге айналдыру, жас таланттар мен шебер орындаушылардың, дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберліктерін арттыру домбыра бөлімі мұғалімдерінің негізгі басты мақсаты болды!