Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ
«Қазағымның қазынасы-Домбыра!»атты класс концерті атты домбыра бөлімінің мұғалімдері Сейтжан А.Ж. мен тәлімгері Аканов А.К. және Шакиров Е.А.
Тулегенова Н.А.-нің класс концерті
(сілтемесі https://www.instagram.com/reel/CqpAu7LKuwi/?utm_source=ig_web_copy_link)
Мектебімізде домбыра бөлімінің мұғалімдері Сейтжан Азамат Жанкелдіұлы мен тәлімгері Аканов Адиль Какиевич және Шакиров Ерлан Аскарович пен Тулегенова Нурбану Аркабаевнаның ұйымдастыруымен "Қазағымның қазынасы-Домбыра" атты класс концерті болып өтті. Саусағым тиіп кетсе ішегіңе, — деп Қасым Аманжолов жырлағандай қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналған,қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері-деп класс концерттің бастамасы домбыра бөлімінің 1-2 сынып оқушыларының орындауында Халық күйі «Тепең көк», «Жастар» күйі күйлерімен бастау алды.Жетекшісі Аканов Адиль Какиевич. Арғынғазы Еркеназдың орындауында Құрманғазының "Балбырауын" күйі; Қапан Мұхаммедәли мен Есенбай Гүлайымның орындауында Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі; Маряков Дамирдің орындауында Дәулеткерейдің «Көрғұлы»күйі. Трионың орындауында Дәулеткерейдің «Қыз ақжелең»күйі жетекшісі Тулегенова Нурбану Аркабаевна; Қабиден Мейіржанның орындауында Н.Ахметбеков «Жеңіс» күйі жетекшісі Сейтжан Азамат Жанкелдіұлы; Маряков Дамир мен Базарбаев Аманның орындауында Н.Бекенов «Шабыс» шығармасы; Жетекшісі Шакиров Ерлан Аскарович,күйсандықта сүйемелдеуші Динара Бауыржанқызы; Жүсіпбек Зеренің орындауында Н.Тілендиев «Жекпе-жек» күйі; Қазақ пен домбыра егіз ұғым. Домбырада халықтың бар тіршілігі астасып жатыр. Қасиетті аспапқа талайлардың тамсанғанына тарих куә.Квартеттің орындауында А.Еңсепов «Әке толғауы» күйі және концерт соңыңда ансамбльдің орындауындағы Б.Абеновтің «Желдірме»күйі көптің көңілінен шықты.Қазақтың қара домбырасының үні-күй өнері, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы.Осы қос ішектің күмбірі мен шанағынан сыр ақтарған домбыра тілі ел өнерін жаһанға таныту,жыл сайын домбыра бөлімінің класс концертін жиі ұйымдастырып,қазақтың атақты күйшілерінің күмбірлеген күйлерін өсіп келе жатқан жас шәкірттеріміздің бойын сіңіру біздің басты мақсатымыз деп класс концерті өз мәресіне жетті.
https://baikadamov-muzshkola.arkalyk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/137-aza-ymny-azynasy-dombyra-2.html#sigFreeId5fa32aba67









