«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы  білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ

Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің әр бағыт бойынша білім алып жүрген шәкірттері "Жаңа толқын" энциклопедия - кітабында жарияланды.

Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің  әр бағыт бойынша білім алып жүрген шәкірттері өздерінің негізгі білім алып жүрген жалпы білім беретін мектептерінің атынан "Жаңа толқын" энциклопедия - кітабында жарияланды. Сонымен қатар, оқушыларға "Zhastar.kz" баспа үйінің арнайы сертификаттары табысталды.

Кітап-энциклопедиядада жас таланттардың отбасы, білім алып жүрген мектебі, жеткен жетістіктері мен қосымша айналысатын сүйікті істері жөнінде ақпарат берілген. Сондай жастайынан өнерді жанына серік еткісі келетін кітаптың бетіне жарыққа шыққан біздің мектебіміздің өнерлі өрендерің атап айтар болсақ:

Вокал сыныбының оқушысы Дәулет Айару. Ұстазы - Баяхметова Гүлнұр Балташовна.

Вокал сыныбының оқушысы Шайкен Сабина. Ұстазы - Мамбетов Ержан Ақансеріұлы.

Домбыра сыныбының оқушысы Қарсақбай Нұрдәулет. Ұстазы - Айдаров Нұрхан Қабылахатұлы.

Домбыра сыныбының оқушысы Озлу Дамирали. Ұстазы - Айдаров Нұрхан Қабылахатұлы.

Қобыз сыныбының оқушысы Шотпай Мадина. Ұстазы - Кабылова Кенжегуль Сайлаубаевна.

Елдің ертеңіне айналатын талабымен таланты табысқан жас шәкірттерді бұқаралық - ақпарат құралдары беттеріндегі алғашқы баспалдағымен шын жүректен құттықтаймыз!