«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы  білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ

“Жеңімпаздар шеруі-2023”💐

(https://www.instagram.com/p/CstcoJbo7p_/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==)

Арқалық қаласында “Арқалық қаласы білім бөлімі”ММ-нің ұйымдастырылуымен биыл екінші жылы дәстүрге айналған жасөспірімдер театрында халықаралық,республикалық,облыстық деңгейдегі байқаулар мен спорттық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған мектеп оқушылары және олардың жетекшілерін марапаттау мақсатында “Жұлдыздар шеруі-2023” салтанатты жиыны өткізілді.Қала әкімі Асанов  Әмірхан Біркенұлының қатысуымен өткен бұл жиында біздің мектебіміздің үздіктеріде назардан тыс қалмады.Атап айтатын болсақ,жақында халықаралық “Алтын микрофон-2023”байқауының 3 орын иегері,мектебіміздің кішкентай жарық жұлдызы болған,вокал класының 1 сынып оқушысы Таубалды Нұржайна мен осы салада еңбек етіп,биылғы жылы оқушысының түрлі байқаулардан алдыңғы қатардан көрінуіне тер төгіп,аянбай еңбек етіп келе жатқан жетекшісі Гульнур Балташовнаға арнайы қала әкімінің дипломдары мен ақшалай сыйлықтары табысталды.Жылдың жақсы нәтижесі есебінде биіктерді бағындыра білген оқушымыз мен жетекшімізді кезекті жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып,жаңа оқу жылыңда тек осындай үздіктердің қатарынан көрініп,қоржындарынызда жетістіктеріңіз әлемдік деңгейдегі түрлі байқауларды бағындыра беріңіздер деген шынайы ақ жүректі тілегімізді білдіреміз!Жарайсыздар біз сіздермен әрқашан мақтанамыз!Қанаттарыңыз талмасын,өнерлі өнерпаздар!