20 мамыр күні Қазақ жасөспірімдер театрында елімізде ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатқан  күй атасы - Құрманғазының 200 жылдық, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойға  және ата-аналарға арналған облыстық «Үндестік» жобасы аясына орай мектебіміздің «Өнерге қанат қаққандар» атты жылдық есеп беру концерті өткізілді.Игі жақсылардың басын қосқан  бұл концерттің алғашқы шымылдығын  80 оқушыдан құралған балалар оркестрі  Құрманғазының күйі «Балбырауынды» дирижер Бөлтірікова  Жақсыгүл Ибрагимқызының жетекшілігімен орындады. Концертіміз Ақанов Әділ Кәкиұлының жетекшілігімен қазақ композиторларының шығармаларынан құралған "Күй тартысқа" ұласты.  Қорытынды бөлім  барлық оркестр Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйімен тәмамдалды. Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей, Сөзі алтын, мағынасы меруерттей дей келе А.Байтұрсыновтың «Аққұм» әнін вокал класының оқушысы, бірнеше дүркін республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегері Нұржайна Таубалды нақышына келтіре шырқады. Қазақстанда тұңғыш құрылған «Шертер» фольклорлы- этнографиялық ансамбльдің әншілері Сайлаубек Ордабаев пен Отаркүл Мұқатованың немерелері Томирис, Альмира және Нұрғисса Сайлаубектердің орындауында Халық күйі «Қара жорға» орындалса, болашағы көп үміт күттіретін шәкірттеріміз Аяулым, Айдана, Алихан, Адилет Абдибековтер Кармайклдің «Сердце и душа», Айтқали Жайымов «Шалқыма» орындайтын домбыра класының оқушысы, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты Қадыр Нұрәли, концертмейстер Бондаренко Римма.  Құрманғазы, Тәттімбет бабамыздың, Дина анамыздың күйлерін санасына сіңірген шәкірттеріміз  Ермұрат Үсеновтің «Кербез сұлу» шығармасын оқушылар халық аспаптар ансамблі  Балым Жусупованың жетекшілігімен орындап берді. Домбыра, қобыз, сені ойнатамын,Толғау сап, төңіректі ойлатамын дей келе,  Мұқан Төлебаевтың «Кестелі орамал» туындысын қобызшылар ансамблі Райхан Хасенова мен  концертмейстер Жумаш Молдажанованың жетекшілігімен орындап, көрерменнің ыстық ілтипатына бөленді. Мектебіміздің ең жас күйші қыздарының орындауында халық күйі «Нәр ағашы» Б.Жусуповның жетекшілігімен. Абдулхамит Райымбергеновтың шығармасы «Секіртпе» Әсел Кәрібаеваның жетекшілігімен домбырашылар ансамблі қоңыр домбыраның күмбіріне бөледі. Көптің көңілінен шыққан концертіміз орындайтын шәкіртіміз Назым Алтынбаеваның орындауында, Жумаш Молдажанованың күйсандықта сүйемелдеуімен халық әні «Дайдидаумен» жалғасты. Дәстүрлі ән класынан құралған дуэт халық әні «Үш меркі» әнін тарту етті. Роза Газизованың жетекшілігімен аккордеоншыларымыз да қалыс қалмай, Шуберттің  «Экосез» туындысын орындап берді.Вокалдық ансамбль жетекшісі Гүлнұр Баяхметованың орындауында ешқашан ескірмейтін  «Қазақ әндерінен попурри» орындалды. Марат Бердіғұловтың «Ақсауыт» шығармасы жетекшісі Ә.Ақановтың «Арқа сазы» ұлт аспаптар ансамблінің орындауында  көпшіліктің құрметіне бөленді.  Шәмші Қалдаяқовтың «Теріскей» әнін  О.Қапан нақышына келтіре шырқады.Денеңді шымырлатып, толқытатын, Мәңгілік басымды ием, өнерге мен демекші, Т.Мұханбетжанов «Детство»  шығармасы С.Шайхин жетекшілік ететін  БЭНД Байқадамов.  Карл Дженкинс "Палладио" орындайтын ансамбль  жетекшісі Райхан Хасенова. «Я люблю кофе» орындайтын бірінші сынып оқушылары, жетекшісі Молдажанова Жумаш. Алтынайдың күйі «Ақжелең» орындайтын облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегері Әбдіқадыр Айшабике.Нарыққа қарық күйттемей бастың қу қамын. Жоғары ұста тектілеріңнің туларын деп, жас ұландарымыз С.Жұмабековтің  "Жас қанат ұраным" орындайтын трио Балғазы Алихан, Балташ Нұртас, Оразалы Тілек.Давид Тухманов."Как прекрасен этот мир» орындайтын балалар хоры, жеке дауыста Азаматқызы Айлана, Шайкен Сабина, Филоненко Кира. Жетекшісі Динара Кауметова, концертмейстер Молдажанова Жұмаш.Бақытжан Байқадамовтың «Айгөлек» әнін  Сарбасова Гауһартас орындаса , Хасен Адина  "Отаным қазақ елі" әнімен кешті қорытындылады.Концерт соңыңда қала әкімінің орынбасары Жұманов Мешітбай Қайыржанұлы  мектеп ұжымына арнайы  алғыс хат табыстады. Болашаққа бағдар, өткен күнге есеп  ата-аналарға алғыс ретінде өткіщілген концерттен барша көрермен- тыңдаушылар әсерлі көңіл күймен тарасты. Болашақта еңсесі биік бәйтерек болуға талпынған жас шыбықтай ұландарымыздың қиялына қанат бітіре отырып мектеп ұжымына қолдау білдіргендері үшін әр ата-анаға шексіз алғыс айтылды. Бүгінгі күнде перзенттерінің талапты, білімді, еңбекқор дарынды тұлға екенін көрсете білуіне,  ата – ананың қолдауы балаға сенімділік пен жаңа жетістіктерге жетуге жол ашады. Әр баланың асар  белестері көп болып, егеменді еліміздің болашағы жарқын болуын тіледік!Танытып қазағымды талантымен Жасасын Байқадамов өрендері деген ұранмен концерт өз мәресіне жетті