«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы  білім бөлімінің Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» КММ

“Сәт сапар жұлдызды түлек” атты мектеп бітіру кеші☑️🎶💐🎼📚📝

 (https://www.instagram.com/reel/Cs1AF2cqwEs/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==)

Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінде бітіруші түлектерге арналған концерт өтті.Өз кезегінде оқушылар мен  ұстаздар өнерлерін ортаға салып, ән мен күйден шашу шашты.Атап айтатын болсақ, бітіруші түлектері мен жетекшілерінен  құралған домбырашылар ансамблінің орындауында Құрманғазының «Балбырауын» күйі, Дәулет Айарудың орындауында Ұшқын Жамалбектің әні «Кейкі Мерген» әні кешіміздің шымылдығын ашты.Ары қарай сөз кезегі мектебіміздің  директоры Жаксыгуль Ибрагимовнаға беріліп, бітіруші түлектерге салтанатты түрде ортаға шақырылып, Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебін аяқтағанын растайтын үздік қызыл және жақсы оқығаны үшін көк түсті  куәліктер табыс етілді.Келесі кезекте фортепиано бөлімінің бітіруші түлегі Майорова Варвара орындауында Абайдың «Көзімнің қарасы» әні, Мұқан Төлебаевтың «Кестелі орамалын» қобыз бөлімінің бітіруші түлегі Каирден Аяна концертмейстер Молдажанова Жумаш Кайрулаевнаның сүйемелдеуімен орындалды.Сонымен қатар,мектебіміздің  мерекелік ic-шараларына белсене араласып жүрген бітіруші  түлектерімізге арнайы мектеп директорының мадақтамасын табыстау  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Назира Әділханқызы мен  кәсіподақ төрайымы  Анна Владимировнаға сөз кезегі берілді.Серік  Жұмабековтің “Жас қанат ұраным” әнін трионың орындауында шырқалды. Бүгінгі күнде біздің  мектебімізден 2022 - 2023 оқу жылында фортепиано бөлімінен -5 оқушы, халық аспаптар бөлімі-қобыз аспабы бойынша-1 оқушы, домбыра аспабы бойынша-22 жұлдызды шәкірттеріміз музыка әлемінің алғашқы баспалдағынан  білім алып, ұшқалы тұр. Алда басталар өмірдің саналы жолы ешкімді адастырмасын,сіздер жердегі жұлдыз болсаңыздар, аспандағы жұлдыздарыңыз өздеріңізге серік болып, алысқа жетелесін деген тілекпен, әсем әнмен қорытындыланған қоштасу концерті түлектерге арнап безендірілген мектеп ауласында естелікке фотосуретке түсумен аяқталды.