Қаламызда Ұлттық домбыра күні мен Құрманғазы
Сағырбайұлының 205 жылдығына арналған "Домбыра"-
думан"атты аймақтық домбырашылар байқауы болып өтті.Шараның ашылу рәсіміне қала әкімі Әмірхан Асанов қатысып,күй өнерінің қазақ үшін маңыздылығы туралы айтып,қатысушыларға сәттілік тіледі.Байқау шарттары бойынша облысымыздың әр өңірінен келген түрлі өнерпаздарымыз Құрманғазы,Тәттімбет,
Дәулеткерей,Қазанғап,Дина,Сүгір сынды халық композиторларының туындыларын орындаудан өзара сынға түсті.Нәтижесінде біздің мектебіміздің домбыра аспабының мұғалімдеріде жүлделі орындар мен арнайы өнер көрсеткені үшін грамота және жүлде қорларына ие болды.Атап айтсақ,2 -орынды Аканов Адиль Какиевич (жүлде қоры 60 000 теңге), 3 орын Карибаева Асель Мейрамовна (жүлде қоры 40 000 теңге)иеленді.Айдаров Нұрхан Қабылахатұлына жақсы өнер көрсеткені үшін грамота мен 20 000 теңге ақшалай сыйлықтар табыстады.Домбырашы әріптестерімізді кезекті жүлделерімен құттықтай отырып,күй өнерін кеңінен насихаттап,өнердің биік белестерін бағындыруда талмай еңбектене беріңіздер деген тілек білдіреміз!
https://baikadamov-muzshkola.arkalyk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/155-riptesterimizdi-tty-tajmyz.html#sigFreeIde8a2d62dac









