Қараша айының 24 жұлдызынба қобыз класының мұғалімі Райхан Мусиловна мен домбыра сыныбының мұғалімі Нұрбану Аркабаевнаның “Қобыз бен домбыраның сазды үні” атты класс концерті өтті. Концертті Құрманғазының Балбырауын күйімен қобыз бен домбырашылырдан құралған ансамбль ашты. “Қыз Ақжелең”, “Адай”, “Ерке сылқым”, “Баланаз” секілді күйлер орындалып, концерттің екінші бөлімі қобыздың қоңыр үнімен жалғасты. Қобызшы қыздарымыз “Айттым сәлем, қаламқас” Молдабай әні, “Суруди әні”, “Колыбельная”, “Маңмаңгер”, “ “Жолыккан кандай жаксы “сазды күйлер мен халық әндерін шырқады. Жоғары деңгейде өткен концерттен ата-аналар, мен оқушылар рухани қызына алды.









