«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» ашық қалалық конкурс-фестивалінде “Арқа сазы”халық ұлт аспаптар ансамблі Бас жүлдеге және 300000 тг ақшалай сыйлыққа ие болды!Құттықтаймыз!!!💐🤩

“Мирас” Қостанай қалалык мәдениет сарайының «Мирас» қазақ халық аспаптар ансамблінің 30 жылдығын және ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР Композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Қалибек Дерипсалдиннің туғанына 70 жыл толуын мерекелеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» ашық қалалық конкурс-фестивалі өткізілді.

Конкурс үш бағытта өтті:

1. Абай Әмірханов атындағы Қазақ халық аспаптары ансамбльдерінің конкурсы;

2. Назымбек Молдахметов атындағы домбырашылар конкурсы;

3. Қалибек Дерипсалдин атындағы ән орындаушылар конкурсы.

Барлық қатысушылар 1 конкурстық шығармадан орындауы қажет. Ансамбльдер мен домбырашылар өз таңдауы бойынша шығарма орындайды. Солист- вокалистер Қалибек Дерипсалдиннің немесе Қостанай облысының композиторларының әндерін орындайды. Әндер тек ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады.

• Абай Әмірханов атындағы Қазақ халық аспаптары ансамбльдерінің конкурсына 10 халық аспаптар ансамбльдері қатысты.Арқалықтың намысын «Арқа сазы» халық ұлт-аспаптар ансамблі қорғап,БАС ЖҮЛДЕНІ алып арнайы диплом және естелік статуэтка мен ақшалай 300000 тг ақшалай сыйлыққа ие болды.Жетекшісі Аканов Адиль Какиевич.Әріптестерімізді жүлделі жеңістерімен құттықтай отырып,жүлделі орындарыңыз көп болсын деген шынайы тілек білдіреміз!Жарайсыздар!