«Тобыл толқыны» атты облыстық ашық қалалық байқау-фестивалінің 3 ші соңғы бағыты бойынша Қалибек Деріпсалдин атындағы ән конкурсына қатысқаны үшін әріптесіміз Олжас Мүшелбайұлы арнайы Дипломмен марапатталып,естелік сыйлыққа ие болды!Құттықтаймыз!💐

“Мирас” Қостанай қалалық мәдениет сарайының, «Мирас» қазақ халық аспаптар ансамблінің 30 жылдығын және ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР Композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Қалибек Дерипсалдиннің туғанына 70 жыл толуын мерекелеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай «Тобыл толқыны» атты облыстық ашық қалалық байқау-фестивалінде соңғы 3ші бағыты бойынша Қалибек Деріпсалдиннің әндер конкурсында дәстүрлі ән класының мұғалімі Қапан Олжас Мүшелбайұлы қатысқаны үшін арнайы Диплом және естелік сыйлыққа ие болды.Жас маманымызды құттықтай отырып,әлі де жүлделі жеңісті күндеріңіз алда тек биіктерді бағындырасыз деген үмітпен шын жүректен ақ тілегімізді білдіреміз!Облыстық байқаудан алған қос жүлдеміз жеңісіміз құтты болсын!💐🫶🤩