Ағымдағы жылдың 23 желтоқсан күні Қостанай қаласында «KOSTANAY MUSIC GAMES» атты республикалық музыкалық өнер байқауы өтті. Осы байқауда:
GOLD LINE номинациясы бойынша: Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы - Жусупбекова Айару І орын;
А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия оқушылары - Тұрғын Әлихан және Баймұрат Кәусар ІІІ орын иеленді.
BRONZE LINE номинациясы бойынша: А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия оқушысы - Серикова Айя ІІ орын иеленді.
Аталған жүлделі орын иегерлерінің жетекшісі - Тауекелова Динара Алимбекона.
Осы байқауға Б.Байқадамов атындағы музыка мектебінің атынан қатысқан төмендегі оқушылар:
GOLD LINE номинациясы бойынша: Таубалды Нұржайна І орын;
Сәрсенбай Айару ІІ орынды иеленді.
SILVER LINE номинациясы бойынша: Дәулет Айару І орын;
Сейтжан Жаннұр ІІІ орын;
Балғазы Алихан IV орынды иеленді.
Аталған жүлделі орын иегерлерінің жетекшісі – Балташева Гүлнұр Баяхметқызы.
Жеңімпаз оқушылар және жетекші ұстаздарымызды жемісті жеңістерімен құттықтаймыз!